Кентаулық қария «Nur Otan» партиясын қолдайды
Канвассинг іс-шарасы аясында «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болып ұсынылған Құдайберген Ержан мен Хайрулла Қожабаев Кентау қаласының тұрғыны, ел ағасы, қаланың құрметті азаматы Сейдулла Адыршаевтың үйінде болды.
Қария көптген жылдар бойы өндіріс саласында еңбек еткен. Білім саласында басшылық қызметтерде болып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жолында өз үлесін қосқан.
Елбасының, облыс әкімінің облыстық мәслихат хатшысының қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының Алғыс хаттаремн марапатталған. Үш қыз, екі ұлдан 13 немере сүйіп отыр.
Басқосуда Ержан Төлепұлы мен Хайрулла Бәйділдәұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Білім беру саласында 12 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге, 15 мектепке дейінгі жеке балабақша ашуға ықпал етеді. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, шалғай ауылдарда жедел жәрдем қызметін қолжетімді етуге, білім саласы бойынша ауылдық жерлерде халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салуға жұмыс жасайды.
Нәтижесінде білім беруде білім сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.
Сайлауалды бағдарламаның басымдықтарымен етене таныс болған ел ағасы алдағы саулауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін жеткізді.
