Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Желіде дегелектің ұясын бұзғандардың видеосы жұрттың көзіне жас алдырды

Әлеуметтік желіде дегелектің ұясын бұзғандардың бейнежазбасы тарады.

undefinedВидеодан өрт сөндірушілердің электр бағанасының басындағы құстың ұясына су шашып жатқанын көресіз. Содан ұя жерге шашылып түскеннен кейін оған дегелек ұшып келе жатады. Оның жоқ екенін көрген кезде құстың аузынан шөбі түсіп қалады. Сосын дегелек ұясының орнында аспанға қарап біраз тұрады.

Мұндай жүрек шымырлатар бейнежазбаны көрген желі қолданушылары киелі құсқа обал екенін айтып жатыр. Көбі тіпті еріксіз көзіне жас алыпты.

Бірақ бұл жағдайдың арты жақсы болған екен. Кейінірек пайда болған екінші видеода дегелектің ұясы тура сол орында тұрады. Сөйтсе, құтқарушылар құстардың қауіпсіздігін ойлаған екен. Олар тура электр сымына жабысып тұрған ұяны бұзып, жаңасын тура сол жерге жоғарырақ орнатып, дегелектерге қауіпсіз жағдай жасаған.

0
0
1161

Осы тақырып бойынша