Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Атырау облысында білім беру мекемелері қашықтан оқытуға көшеді

Атырау облысында мектептер мен колледждердің барлығында сабақ онлайн форматта өткізіледі. Балабақшалардағы жұмыс та осындай режимге көшеді. 

undefined

Көрнекі фото: egemen.kz

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы орта білім беретін 204 мектеп, 24 колледж, 334 балабақша бар. 

«Мектептердің 204-і мемлекеттік, ал, 20-сы жекеменшіктің иелігімен ашылған. Төтенше жағдай жариялануына байланысты 8 сәуірден бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшеді. Өңірдегі колледждерде де сабақ онлайн форматта өтеді. Ал балабақшалар қашықтан жұмыс істейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

kaz.inform.kz

0
0
298

Осы тақырып бойынша