Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қазақ ертең шығынын қайтарамын деп шырылдайтын болды

undefined

Шудың көкесі су тасқыны біткеннен кейін басталады. Біздің қазақ тірнектеп тапқанын үйіне жапсырады. Ішіп-жемей, көрмей қалуға бар, бірақ жарқыраған жиһаз, люстраның қымбатын алады, жиған-тергенін ремонтқа жұмсайды. Соңында бәрін су шайып кетті. Ол қалай өтеледі, қалай есептеледі?

Және ауылдағы ағайын қора түгілі үйін де рәсімдемей жүре береді. Оны қалай дәлелдейді?

Өткенде жылқы қырылғанда әкімдік пен халықтың есебі екітүрлі болды ғой. Себебі қарапайым жұрт сақтандыру түгілі қорадағы малын чиптеп, түгендеп жүрмейді.

Ертең шығын өтелерде, қанша тауығы, қанша малы бар екенін қалай анықтайды?

Халық қазір ашынып тұр. Өтемақы төлеу, құрылыс, көмек беру бәрі әділетті болуы керек. Бір жолын таппаса айқайдың көкесі сонда болады.

Гүлбану Әниятқызының жазбасы

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Қазақ ертең шығынын қайтарамын деп шырылдайтын болды - Yvision.kz