Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін - Ғашықтар күні

15 сәуірде еілімізде Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, яғни ғашықтар күні аталыпп өтеді.

undefined

Сурет: dimashnews.com

Мереке 2011 жылы бұрын жастар атап өтіп келген 14 ақпан – Ғашықтар күніне балама ретінде пайда болды және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Қозы Көрпеш пен Баян сұлу махаббатының символы ретінде белгіленген.

Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызында махаббат пен достық, тазалық пен нәзіктік, адамгершілік пен әдеп туралы айтылған.

Мөлдір де нәзік сезімді, екі жүрек арасындағы махаббатты білдіретін мерекеде әдетте жас жұбайлар некесін тіркеуге асығады.

kaz.inform.kz

0
0
392

Құлсарыда тасқын суға батып өлген жігіт үйлену тойына дайындалып жүрген

Бүгін Атырау облысындағы Құлсары қаласында әкелі-балалы марқұмдар Болатбек Нұржауұлы мен Асылжан Нұржау жер қойнына тапсырылды.Ал кеше Асылжанның үйлену тойы өтуі керек болған. Бұл туралы белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды. "Жүрегім ауырып, қабырғам қайысып отыр. Бір үйден 2 адам - әке мен бала… Отбасында 1 ұл, 1 қыз еді. Бір-ақ сәтте арыстай 2 адамынан айырылған шаңырақтың қайғысына ортақпын. Енді анасы мен Диана қызымыз екеуі қалды… Жәй ғана жауапсыздық пен іздеу-құтқару шараларына салғырттықтан 2 адам бақи дүниеге кетті. Шыр-пыр болып су басына келіп: "әкешім, Асылжаааан" деп жаңғыртқан қыздың үнін естіп, дабыл қосып едім. Ертеңіне күштік құрылымдар кірісіп іздеген болды. Алайда Алматыда отырып пост жазып, историс салмасаң іс баяулап қалады. Не қайық, рация, с…

0
0
731

Су басқан өңірлерде құтқару, эвакуациялау және басқа жұмыстар түнімен жүргізілді

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ақпараттарды күнде жариялап отыр. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданы Большая малышка ауылында құтқарушылар қоса берілген күштермен бірлесіп 894 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 112 баланы эвакуациялады. Эвакуацияланған тұрғындар Пеньково ауылының уақытша эвакуациялық пункттерінде және туыстарында орналастырылды.Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының саяжай алаптарынан жергілікті тұрғындарды және үй жануарларын қауіпсіз орындарға тәулік бойы эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.Ақмола облысының Атбасар қаласында Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы еріген суды бұру жұмыстарын жүргізуде.Самарқа ауылында 45 жергілікті тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз орындарға көшір…

0
0
323

Елде су тасқыны жағдайы әлі де қиын: бірнеше аймақта қауіп сейілген жоқ

Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін.Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс аумағындағы басқа ауылдарға бара жатыр. Қазір облыс аумағындағы 60-қа жуық жолды су басқан. Соның 4-еуі республикалық жол. Жүк көліктері кезекпен өткізіліп жатыр.БҚО-да 84 елді мекен суға кетуі мүмкін.Өңірдегі арнайы штабтың мәліметінше, топан су 5 күнде Оралға жетеді. Жоспар бойынша өңірде 70 шақырымдық бөгет тұрғызылуы керек, бүгінге дейін оның 60 шақырымы салынып бітті. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы 1300-ге жуық үйге су кірген. 2500-ге жуық мал қырылып, 38 тасжолды су шайған. Атырау облысындағы барлық күш…

0
0
284

Ресми Теһран Израильге қарсы әскери операцияның аяқталғанын мәлімдеді

Иран әскерилері Израильге қарсы операцияны аяқтағанын айтты.Фото: Reuters «Түнде басталған «Әділ уәде» операциясы сәтті аяқталды. Сөйтіп, алға қойылған міндеттің бәрін орындауға қол жеткізілді», – деді Иран қарулы күштерінің штаб бастығы Мұхаммед Багери.Ол қарымта соққының барлау орталығы мен авиабазаға жасалғанын жеткізді. Ресми Теһранның ойынша, Израильдің F-35 атқыш ұшақтары осы авиабазадан ұшып шыққан.«Бұл орталықтар әжептәуір қирап, істен шығып қалды. Біз бұл операция міндетіп орындап, аяқталды деп санаймыз» – деді Мұхаммед Багери. Ал Иерусалим мен Вашигнтон Израиль аумағына жіберілген 300-ге жуық зымыран мен ұшқышсыз аппараттың 99 пайызын атып түсіргенін мәлімдеді.Айта кетейік, Иран Израильге шабуылды Сирия астанасы – Шамдағы (Дамаск) консулдығына 1 сәуірде берген соққысына жауап ре…

0
0
386

Апат аймақтарынан эвакуацияланған адамдардың саны 107 мыңнан асты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (14.04.2024 ж.)
undefined
Азаматтық қорғау қызметтері 107 119 адамды, оның ішінде 38 457 баланы құтқарды. 11 674 адам үйлеріне оралды.

Уақытша орналастыру пункттерінде 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала бар.

9,3 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,9 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 мыңға тұрғын үй мен шамамен 2 мың аула аумағынан су бұрылды.

0
0
359

БҚО-да киіктер жаппай қырылды

Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында киіктер қырылып қалған.

undefined

Су айдынынан жүздеген түз тағысының өлексесі табылғанын Бөкейорда ауданы Мұратсай кентінің тұрғындары кеше хабарлады.

Кейбіреулер 2 мыңға жуық киік өлген деп отыр.

Ақбөкендер қырылған жерге "Охотзоопром" қызметкерлері барған. Олар өлекселерді шығарып, жоюмен айналысуда.

Мамандардың болжамы бойынша, қыстан кейін әбден әлсіреген киіктер жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.

Бірақ бұл жағдайға қатысты тағы бір болжам бар. "Охотзоопром" қызметкерлері түз тағыларын төбеден дронмен түсіреміз деп үркітіп алған (төмендегі видеода). Үріккен киіктер жаппай қаша жөнеліп, судан өтіп жатқан кезде бір-бірін таптап, бір бөлігі суға батып өлген.

https://t.me/uralskweek_official

0
0
407

Астанада алапат өрт болды

undefined

Бүгін түнде Елордада жатақхана отқа оранды. Қызыл жалын шамамен 500 шаршы метр аумақты қамтыған.

Өрт таңғы сағат 6:07-де толық сөндірілді.

0
0
422

Иран Израильге шабуыл жасады

Иран кеше кешке Израильге шабуыл жасады. Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс әскері халыққа сақ болуды ескертіп отыр.Фото: ReutersАқпарат құралдарының хабарлауынша, Иран әскерилері түнге қарай Израиль аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттап жіберген.ЦАХАЛ өкілдері 100-ден аса дронды байқағанын мәлімдеді. Олар бұл аппараттарды қағып түсіретінін хабарлады. Сондай-ақ, Израиль барлау қызметі ондаған ұшқышсыз аппарат пен қанатты зымырандарды байқапты.Соңғы мәлімет бойынша, бір адам жараланып, әскери базаға аздаған зақым келген.Бұл шабуылға Израильдің 1 сәуірде Иранның Сириядағы елшілігіне әуеден соққы беруі себеп болып отыр. Әуе соққысынан Шамдағы (Дамаск) консулдық ғимараты қирап қалды. Осының салдарынан, кем дегенде, жеті адам қаза тапқан. Олардың арасында Ислам революциясы сақшылары элиталық корп…

0
0
366