Мазмұнға өту

Жаңа

Қаршадай қыздың әскери қызметшілерге тәтті таратқаны жұрттың жүрегін елжіретті

undefined

"Оқушы қыз әскери қызметшілерге тәттілер таратты. Су тасқынына қарсы күресіп жатқандар оған ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты. Кішкентай қыздың мейірімділігі көпшілікті сүйсіндірді", - деп жазылған "Астана" телеарнасының Instagram-дағы парақшасында.

0
0
566

Петропавлды сумен қамтамасыз етуге өрт сөндіру көліктері пайдаланыла бастады

Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін сорғы станциясында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өртке қарсы сорғы станциялары жұмылдырылды.
Су құбыры желісі толтырылған бойда шамамен 19:00 дейін пәтерлерге су беру жоспарлануда.

https://t.me/qr_tjm

0
0
286

Астана халықаралық форумы биыл өтпейтін болды

Биыл жазда өтуі керек болған екінші форум келесі жылға қалдырылды.

undefined

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
309

Елімізде апат аймақтарынан эвакуацияланғандар саны 102 мың адамнан асып кетті

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (13.04.2024 ж.)
undefined
Азаматтық қорғау қызметтері 102 328 адамды, оның ішінде 37 537 баланы эвакуациялады.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала бар.

9,1 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
513

Президент күйші Әбдімомын Желдібаевтың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.Президент Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты."Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. «Ерке сылқым» сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын",…

0
0
309

Ерке сылқым

Аруларға арналған әндер көп, жырлар да жетіп артылады. Бірақ күйлер аз. Бар болғанның өзінде тыңдарманның жүрегінде, құлағында қалған, өміршең күйлер саусақпен санарлық.Соның бірі – «Ерке сылқым». Бұл күйді білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда дәл осы тамаша туындыны күйшінің 20 жыл толғатқанын білеміз бе? Білсек те соның сырына үңілдік пе?Елордадан Шу қаласына ар­найы ат басын бұрып «Ерке сыл­қым­ның» авторы Әбді­момын Желдібайұлымен әңгімелескенімізде, күйші осы күйін тұңғыш тың­даған Тәңірден талантты ту­ған Тілендінің ұлы Нұрғиса ата­мыздың: «Мен мықты дирижер, дәулескер домбырашы шығармын. Бірақ нағыз күйші – мен емес, сенсің», деп баға бергенін айтып еді.«Ерке сылқымды» бала кезден бойға сіңіріп өстік, себебі әкеміз жиі тартады. Солай болып тұр­са да керім күйді толқи тың­даған әр жүре…

0
0
530

"Ерке сылқымның" авторы қайтыс болды

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.Әбдімомын Желдібаев Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақыт "Шу еркесі" халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.Автордың "Жетісу сазы", "Толғау", "Көк шолақ", "Сұңқар сезім", "Ерке сылқым", "Өмір өзен", "Әулие-ата", "Боз жігіт", "Ыдырыс" және тағы басқа күйлері мен "Сұлутер", "Қызыл гүлім-қызғалдағым", "Шырайлым", "Қызыл елiк", "Сырымды айтам" секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.Композитордың қазақ өнерінің алтын қорына енген "Өмір-дастан", "Жетісу сазы", "Шабыт", "Көкшолак". "Төле би толғауы", "Самғау", "Ерке сылқым" күйлерін ерекше атауғ…

0
0
579

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр

Атырау облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабындағылар хабарлады.

undefined

Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына:

⁃ 1009 арнайы техника;

- 2291 мекеме жұмысшылары;

⁃ 3643 ерікті жұмылдырылды.

68,7 шақырым бөгет тұрғызылып, 216 тонна гуманитарлық көмек жиналды. 744,2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

0
0
426

Арқалықтағы су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алуға қаржы бөлінді

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді.Фото: Арқалық, наурыз, 2024 ж.Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді. Қаржыландыру ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді. Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан матер…

0
0
409