Апат аймақтарынан эвакуацияланған адамдардың саны 107 мыңнан асты
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (14.04.2024 ж.)
Азаматтық қорғау қызметтері 107 119 адамды, оның ішінде 38 457 баланы құтқарды. 11 674 адам үйлеріне оралды.
Уақытша орналастыру пункттерінде 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала бар.
9,3 млн. м3 еріген қар суы сорылды, 1,9 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 мыңға тұрғын үй мен шамамен 2 мың аула аумағынан су бұрылды.
