Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

БҚО-да киіктер жаппай қырылды

Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында киіктер қырылып қалған.

undefined

Су айдынынан жүздеген түз тағысының өлексесі табылғанын Бөкейорда ауданы Мұратсай кентінің тұрғындары кеше хабарлады.

Кейбіреулер 2 мыңға жуық киік өлген деп отыр.

Ақбөкендер қырылған жерге "Охотзоопром" қызметкерлері барған. Олар өлекселерді шығарып, жоюмен айналысуда.

Мамандардың болжамы бойынша, қыстан кейін әбден әлсіреген киіктер жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.

Бірақ бұл жағдайға қатысты тағы бір болжам бар. "Охотзоопром" қызметкерлері түз тағыларын төбеден дронмен түсіреміз деп үркітіп алған (төмендегі видеода). Үріккен киіктер жаппай қаша жөнеліп, судан өтіп жатқан кезде бір-бірін таптап, бір бөлігі суға батып өлген.


https://t.me/uralskweek_official

0
0
359

Осы тақырып бойынша

БҚО-да киіктер жаппай қырылды - Yvision.kz