Мазмұнға өту

Жаңа

Маңғыстауда Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті

30 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығының көшпелі брифингінде Маңғыстау облысы Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының бас режиссері Гүлсина Мирғалиева мәлім етті. Қойылымды театрдың арнайы тапсырысы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов жазды.Автор шығармасында саяси және рухани тәуелсіз Құнанбай мен Абай бейнесін көрсетеді. Сондай-ақ, еңбекте әке мен бала арасындағы табиғи, адами байланыс туралы айтылған. Ел иесі Құнанбай мен сөз иесі Абай арасындағы бұл дүниеде ашылмаған қарым-қатынастың қатпарлары, айтылмаған сырлары жазылды.«Жалпы пьеса дана Абай басындағы барлық асыл қасиет балаға әке кін…

1
0
213

Сіздерді жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жаңаөзендіктер!Сіздерді жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстанның алтын ғасырының тағы бір жылы тарих қойнауына сіңіп барады. Жаңа жыл – кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз.Тарих қойнауына енгелі отырған жыл сынаққа толы жыл болды.Бұл жыл тұтас адамзатты тығырыққа тіреген, жер-жаһанды әбігерге түсірген, өте бір ауыр жыл болды. Адамзат көзге көрінбейтін «жаумен» алысты. Сондықтан 2020 жыл еліміз үшін де, қаламыз үшін де оңай болған жоқ.Келер жаңа 2021 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыс…

1
1
384

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 75

Алматы қаласы - 110

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 57

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 51

Атырау облысы - 94

Шығыс Қазақстан облысы - 41

Жамбыл облысы - 12

Батыс Қазақстан облысы - 29

Қарағанды облысы - 42

Қостанай облысы - 58

Қызылорда облысы - 6

Маңғыстау облысы - 9

Павлодар облысы - 94

Солтүстік Қазақстан облысы - 57

Түркістан облысы - 8

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 155473.

1
0
244

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!Сіздерді Жаңа 2021 Жылмен құттықтаймыз.Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Жаңа Жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, көңіл-күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сіздерге тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын!Уважаемые жители Осакаровского района!Поздравляем…

0
0
217