Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бөдене ауылының тұрғындарымен жүздесу

29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бейсқали Толқын Ермекқызы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сапаров Бағдат Шамұратұлы үгіт-насихат жұмыстары бойынша Бөдене ауылына келіп тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында туындайтын міндеттер негізінде алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды. Алдағы саяси додада "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетуге шақырды.

0
0
211

Осы тақырып бойынша