Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті түпқарағандықтар!

Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады.Өткен жыл ауданымыз үшін тым қиын болса да, шын мәнінде бірліктің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы еселеніп, руханиятымызда да біршама жетістікке қол жеткіздік. Түпқарағанның қай жетістігінде де тұрғындардың әрқай­сысының жеке үлестері бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.Ардақты ағайын!Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім мерекесі ретінде асыға күтеміз. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетер…

0
0
274

Ауыл тұрғындарымен кездесу

Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, Шалабаева Нәсіп Қисметоллақызы, Баймұқанов Ізтұрған Ұзақбайұлы, Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы, Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы Құрылыс, Ақтан, Қызылжар, Жарсуат, Бөдене, Елтай, Есбол ауылдарында және Индер өндірістік газ басқармасында сайлаушылармен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Түйінді мәселелер бойынша берген ұсыныс, пікірлерін жазып алды. Жетістіктері мен кемшіліктер бойынша ойларын ортаға салды.

0
0
196

ZOOM- платформасы арқылы Көктоғай ауылдық округінің мұғалімдерімен онлайн кездесу

29 желтоқсан күні Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы ZOOM- платформасы арқылы Көктоғай ауылдық округінің мұғалімдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
149

Бөдене ауылының тұрғындарымен жүздесу

29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Бейсқали Толқын Ермекқызы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сапаров Бағдат Шамұратұлы үгіт-насихат жұмыстары бойынша Бөдене ауылына келіп тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында туындайтын міндеттер негізінде алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды. Алдағы саяси додада "Nur Otan" партиясына қолдау көрсетуге шақырды.

0
0
223

ZOOM- платформасы арқылы Елтай ауылының жастарымен кездесу

30 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нариманова Жадыра Нариманқызы ZOOM- платформасы арқылы Елтай ауылының жастарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында туындайтын міндеттер негізінде алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарды таныстырып, алдағы науқанда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
258

"Есіктен есікке" акциясы

"Nur Otan" партиясы тізімінен депутаттыққа ұсынылған Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы Өрлік ауылындағы кездесуі аудандық штабтың ұйымдастыруымен түрлі шараларға ұласты.

Штаб төрағасы Ө.Оразғалиев партияның бағдарламасы мен үміткерлерді таныстырып, тұрғындарды сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Кездесу барысында штаб мүшелері "Есіктен есікке" акциясын да ұйымдастырды. Тұргын, ауданның құрметті азаматы Мұрасқали Тлегенов те үміткерлерге ақ тілегін арнады. Үміткер де көптеген сұрақтарға жауап берді. Бірқатар мәселелерді жазып та алды.

0
0
163

Қаламызда “Мемлекеттік мұрағаттың” ашылу салтанаты өтті

«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен салынған “Мемлекеттік мұрағаттың” типтік ғимаратының құрылысы сәтті аяқталып, халық игілігіне берілді.

Мұрағат – қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында халқымыздың тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мемлекеттік нысандардың бірі болып табылады.

Мекеме тарихи маңызды құжаттарды жинау ісімен айналысып, халықтың естелік құжаттарын сақтайды.

2
0
219

Қаламыздағы емханаларға 8 жедел жәрдем көліктері табысталды

«Ұлт денсаулығы - мемлекетіміздің басты байлығы»-демекші, қазіргі еліміздің дамуында денсаулық сақтау мекемелерінің маңызы өте ерекше екені белгілі.

Әсіресе, жедел-жәрдем қызметі елмен етене араласып, халыққа алғаш боп көмек көрсетеді. Осы еңбектері үшін алғысымды білдіремін.

Жалпы 2020 жылы “Жедел жәрдем станциясына” барлығы 23 автокөлік табысталып, қала және іргелес елді мекендерде толық жаңартылды!

2
0
237