Қаламызда “Мемлекеттік мұрағаттың” ашылу салтанаты өтті
«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен салынған “Мемлекеттік мұрағаттың” типтік ғимаратының құрылысы сәтті аяқталып, халық игілігіне берілді.
Мұрағат – қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында халқымыздың тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мемлекеттік нысандардың бірі болып табылады.
Мекеме тарихи маңызды құжаттарды жинау ісімен айналысып, халықтың естелік құжаттарын сақтайды.
