"Есіктен есікке" акциясы
"Nur Otan" партиясы тізімінен депутаттыққа ұсынылған Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы Өрлік ауылындағы кездесуі аудандық штабтың ұйымдастыруымен түрлі шараларға ұласты.
Штаб төрағасы Ө.Оразғалиев партияның бағдарламасы мен үміткерлерді таныстырып, тұрғындарды сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Кездесу барысында штаб мүшелері "Есіктен есікке" акциясын да ұйымдастырды. Тұргын, ауданның құрметті азаматы Мұрасқали Тлегенов те үміткерлерге ақ тілегін арнады. Үміткер де көптеген сұрақтарға жауап берді. Бірқатар мәселелерді жазып та алды.
