ZOOM- платформасы арқылы Көктоғай ауылдық округінің мұғалімдерімен онлайн кездесу
29 желтоқсан күні Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы ZOOM- платформасы арқылы Көктоғай ауылдық округінің мұғалімдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
