Қаңтардың екісі күні яғни бүгін
депутаттық фракцияның онлайн форматтағы отырысы өтті. Депутаттық фракция – аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер ете алатын партияның негізгі құралы, өздерінің сайлауалды уәделерін жүзеге асырудың сенімді механизмі. Фракция мүшелері өңірдегі орын алып жатқан барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен таныс. Онлайн режимінде өткізілген жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, мәслихат депутаттары және фракция мүшелері қатысты. Аталған жиында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мәселелері жайында айтылып талқыланды. Мәселен, қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызметтер бар, олардың 85,5%-ы онлайн. Осы кестеде қызметтерді электрондық түрге көшіру жөніндегі мемелкеттік органдармен атқарылған жұмыстың қазіргі жағдайы көрсетілген. Әлі де тиісті көрсеткішке жете алмағандар бар. Осы жұмысты уақтылы аяқтау қажет екендігі айтылды. Қызметтер көрсетілу сапасын бақылау - Мемлекеттік істер агенттігінің құзыретінде. Олар жүргізген Қоғамдық мониторинг нәтижесін қарасақ, еліміздің аумақтарында халықтың мемлкеттік қызметтермен қанағатану деңгейін көтеру қажет екені айқын. Сөздің түйіні қазіргі цифрлық заманға сай халықтың онлайн көмекті тиімді пайдалануына септік ету.
