Мазмұнға өту
userfacebook2745140689080685

Nur Otan Koksu Audany

@userfacebook2745140689080685

Сайтта 2020 ж. 4 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

124

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

АУДАНДА «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

Осы айтылып жүрген әдемі сөздер іс жүзінде де өз нәтижесін беруде. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсат Әбдірахманов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, туған елімізбен бірге партиялар арасында көшбасшы болып, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақыру мақсатында қаңтардың жетісі күні Мұқыры елді мекенінде еңбегінің зейнетін көріп отырған ауыл ақсақалдарымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Көксу ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты басымдық бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кездесу өткізді.

0
0
162

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Балпық ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі 7 басымдығына жеке-жеке тоқталып өтті. «Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейтуге тырысатындығын жеткізді.

Партия халықтың өмір сапасын жан-жақты жақсартуды, халықтың таза ауыз су, ауа және сапалы жолдармен қамтылғандығын қолдайды. Осы мақсатта атқарылар жұмыстарда аз емес.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады.

Сіздерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біз алдымызға Сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз.

0
0
185

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

Қабылиса ауылдық округінің тұрғындарымен канвассинг-кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. "Кандидат қонақта" кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осыларды негізге ала отырып үміткер ауыл тұрғындарының шаңырағында болып партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар халықтың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жүйелі түрде жауап берді.

0
0
253

Бүгін "Nur Otan" партиясы

Мәлік Бейсенов онлайн форматта партияның қоғамдық қабылдауын өткізді. Яғни Skype әлеуметтік желісі арқылы халықпен жүздесті. Қабылдау кезінде аудан тұрғындарына сайлауалды бағдарлама айтылып, талқыланды. Осы орайда жиынға қатысушылар өздерінің сауалдарын қойып, лайықты жауап алды.

0
0
131

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған

Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. Ос…

0
0
155

Бүгін үгіт тобы яғни аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер

үгіт жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары Балпық би ауылдық округінде өтті. Сондай-ақ, партияның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айтып өтті. Одан әрі тұрғындар өздерін алаңдатқан проблемаларды талқылап, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Тұрғындардың басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын жақсату, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтты.

0
0
146

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Жас қазақстандықтар қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуда, елімізде жоғары білім алу үшін білім гранттары бөлінуде. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70% дан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады. Елімізде жастардың жарқын болашағы үші…

0
0
281

Қаңтардың бесінші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Үміткерлер тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын баса айтқан жөн. Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, өткізілуде.

0
0
204

Бүгін облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер

Ақтекше ауылының тұрғындарымен жүздесті. Жиын барысында партияның алдағы атқарылатын 5 жылдық жұмыс жоспары айтылды. Халықпен жүзбе-жүз кездескен үміткерлер олардың талап, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады. Сонымен қатар сауалдарына да жауап берді. Кездесу соңында сайлаушыларды 10 қаңтар күні болатын сайлауда өз таңдауларын жасап дауыс беруге шақырды.

0
0
117

артияның үгіт-насихат науқаны ауданда қарқынды жүргізілуде.

Бірқатарына тоқталып өтсек. Мәселен, аудан үшін жасайтын барлық жұмыстарын таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сенімді өкілдері Талапты ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ауданда бүгінге дейін жасалған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылда өзгеретін Көксу ауданы жайында айтты. Еліміздегі көшбасшы партияны қолдауға шақырды.Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстарын тыңдады. Талапты ауылының тұрғындары партия ұсынған бағдарламада белгіленген, аудан дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдап, оң бағаларын берді.

0
0
129