Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті түпқарағандықтар!

Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп барады.

Өткен жыл ауданымыз үшін тым қиын болса да, шын мәнінде бірліктің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады. Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы еселеніп, руханиятымызда да біршама жетістікке қол жеткіздік.

Түпқарағанның қай жетістігінде де тұрғындардың әрқай­сысының жеке үлестері бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Ардақты ағайын!

Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім мерекесі ретінде асыға күтеміз. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.

Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын!

Баршаңызды 10 қаңтар күні өтетін маңызы зор сайлауға бей-жай қарамай, белсене қатысуға, сонымен қатар өзгерістер партиясы болып табылатын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын!

Жаңа Жыл құтты болсын!

Құрметпен, "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы

0
0
253

Осы тақырып бойынша

Құрметті түпқарағандықтар! - Yvision.kz