Ауыл тұрғындарымен кездесу
Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Идрисов Саламат Нұрмұханұлы, Шалабаева Нәсіп Қисметоллақызы, Баймұқанов Ізтұрған Ұзақбайұлы, Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы, Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы Құрылыс, Ақтан, Қызылжар, Жарсуат, Бөдене, Елтай, Есбол ауылдарында және Индер өндірістік газ басқармасында сайлаушылармен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Түйінді мәселелер бойынша берген ұсыныс, пікірлерін жазып алды. Жетістіктері мен кемшіліктер бойынша ойларын ортаға салды.
