Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан заңгер қамауға алынды
Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен 25 тәулікке қамауға алынып, оған айыппұл салынған.
Естеріңізге салсақ, Александр Салтанатты әдейі ұрмағанын, тек өзін ұстай алмай, қолын қатты сермеп жібергенін айтып ақталған еді. Оның бұлай ашулануына қызғаныш себеп болған көрінеді.
Ал онымен 11 жыл некеде болып, 4 бала тапқан Салтанат бұрынғы күйеуін нағыз зорлықшыл деп отыр. Өйткені Александр оны бірге тұрған кезде де талай ұрып-соққан.
