Елімізде киіктің көбеюін тежейтін шешімнің күші жойылатын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қостанай облысына жұмыс сапары барысында киікті атуға қайтадан тыйым салынатынын айтты.
Фото: ortcom.kz
«Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді», – деп жазды t.me/aqorda_resmi.
Елімізде киіктерді атуға рұқсат беру туралы шешімді өткен жылы қазан айында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдаған еді. Бұған осы түз тағыларының саны шамадан тыс көбейіп кеткені себеп болды. Ал бұл жағдайдың ауыл шаруашылығына зиян екені айтылды.
Ол кезде елдегі ақбөкен саны 2 млн 600 мың болған. Жоспар бойынша, осы көрсеткіш 20 пайызға азайтылуы керек-тұғын.
Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің еті 300 теңгеден ет комбинаттарына өткізілетінін жеткізген еді.
