Мазмұнға өту

Жаңа

Роза Рымбаева мен Алтынбек Қоразбаев Қырғыз Республикасының Халық әртісі атанды

Бүгін ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.Салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына бағытталған қадам ретінде қарастырылуы керек екенін сөз етті.Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, көрнекті ақын, дипломат, Қазақс…

0
0
375

Астанада Қырғызстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
undefined
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

undefined
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
336

Семейдің 62 жастағы тұрғыны саунада сексуалдық қызмет ұйымдастырған

Семейдегі саунада 62 жастағы сутенер әже әкімші болған. Ол келген клиенттерге жезөкшелердің қызметін ұсынып отырыпты.Фото: Абай облысы ПД Пысық зейнеткер әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында оның әрекетінің жолын кесті.Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркілеген.«Жеңгетай» мен 9 «түнгі көбелек» (үш Қазақстан және алты Өзбекстан азаматшалары) жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді. Барлығы жедел есепке алынды.Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған орын ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша зейнеткердің 2 жарым жылға бостандығы шектелді.   Қазір ол Абай об…

0
0
304

Апат аймақтарынан эвакуациланған адамдардың саны 118 мыңнан асты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (19.04.2024 ж.)

undefined

Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.

10,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,4 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті.

0
0
306

Астанада мектеп оқушыларына қауіп төнді ме?

Мессенджерлерде, соның ішінде Теlegram-да Астанадағы мектеп оқушыларын және олардың ұстаздары мен ата-аналарын шошытатын жазба тарады. Жазбада "19 сәуірде ол мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын" делінген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары қаладағы білім ошақтарын тексерді. Сөйтіп, Астана Полиция департаментінің өкілдері мектептерге лаңкестік қаупі төніп тұр деген хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. "Лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын естеріңізге саламыз", — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.#SatzhangramАйта кетейік, биыл қаңтар айында Теlegram-да Ақтөбеге де қатысты тура осы тектес жалған ақпарат…

0
0
402

Израиль Иранға зымыран жіберді деген ақпарат тарады

Ирандағы Исфахан қаласының әуежайы маңында жарылыстар болған. Бұл туралы осы елдің ақпарат құралдары хабарлап жатыр.Фото: NURPHOTO«Ақпарат көздері Исфахан провинциясында жойқын жарылыстар естілгенін хабарлады», - деп мәлімдеді мемлекеттік телевизиядағылар.FARS агенттігінің мәліметі бойынша, жарылыс халықаралық әуежай мен әуе күштерінің базасы орналасқан Кахяверестан қаласында болған.Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, үш жарылыс тіркеліпті.FARS ықтимал нысаналардың бірі әскери радар болғанын, жарылыстар салдарынан бірнеше кеңсе ғимараттарының терезелері сынғанын айтып отыр.Теһран мен басқа қалалардың үстінен ұшақ ұшыру тоқтатылған.CNN бұған дейін Иран әуе кеңістігінде болған сегіз ұшақ бағытынан ауытқығанын хабарлаған еді.Әуе қорғанысы жүйелері Иранның бірнеше аймағында жұмыс іс…

0
0
370

Көршілес екі елдің басшылары гала-концертке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.

undefined

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

undefined

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера»мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

undefined

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

undefined

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегация мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
261

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде ресейлік теннисшіні жеңді

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) теннистен WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
undefined
Жарыстың екінші айналымында Елена ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші ширек финалда Онс Жабер (Тунис) мен Ясмина Паолини (Италия) арасындағы ойында жеңген спортшымен кездеседі.

https://t.me/RRaketkasi

0
0
322

Еліміздің миллиардерлері Президенттің сөзіне құлақ асты

Қазақстанның миллиардерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бірінен кейін бірі, бірінен бірі асырып қаржы құйып жатыр.Kaspi.kz-ның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе еліміздің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 20 миллиард теңге аударады. Бөлінген қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үйлерді қалпына келтіруге, сатып алуға және салуға жұмсалады.Наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн сервис ұйымдастырды. Енді әрбір қайырымды азамат зардап шеккендерге көмектесу үшін Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аудара алады. Kaspi.kz компаниясының өзі бұл қорға жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғыштар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмек сатып алуға деп 620 миллион…

0
0
717

Астанаға Қырғызстан Президенті келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.
undefined
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
324