Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Еліміздің миллиардерлері Президенттің сөзіне құлақ асты

Қазақстанның миллиардерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бірінен кейін бірі, бірінен бірі асырып қаржы құйып жатыр.

undefined

Kaspi.kz-ның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе еліміздің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 20 миллиард теңге аударады. Бөлінген қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үйлерді қалпына келтіруге, сатып алуға және салуға жұмсалады.

Наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн сервис ұйымдастырды. Енді әрбір қайырымды азамат зардап шеккендерге көмектесу үшін Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аудара алады. Kaspi.kz компаниясының өзі бұл қорға жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғыштар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмек сатып алуға деп 620 миллион теңге бөліп қойды. Сондай-ақ өткен аптада Вячеслав Ким Ақмола облысында 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобасын қаржыландырып, зардап шеккен елді мекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіруге қаражат бөлді.

Михаил Ломтадзенің жеке капиталы – $5,7 миллиард (2024 ж.)

Вячеслав Кимнің жеке капиталы – $6,3 миллиард (2024 ж.)

 

Болат Өтемұратовтың қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына тағы 10 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлетінін жария етті.

Қаражат тіршілікке қажетті инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады.

Айта кетейік, 1 сәуірде Өтемұратовтың қоры су тасқынының салдарымен күресу және табиғат апатынан зардап шеккендердің бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 680 миллион теңге бөлген болатын.

Болат Өтемұратовтың жеке капиталы – $2,7 миллиард (2024 ж.)

 

Тимур Құлыбаев еліміздің бірқатар өңірлеріндегі тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай зиян келтірген, бұрын-соңды болмаған және жойқын су тасқынына байланысты Атырау облысын қалпына келтіруге 30 миллиард теңге жібермек.

Қаражат үйлерді қалпына келтіру мен салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ табиғат апатынан зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталады. Жұмыс келген шығынды есептеп болғаннан кейін бірден басталады.

Соңғы жылдары Құлыбаевтың компаниялар тобы Президенттің бастамаларын қолдауға және қайырымдылыққа 85 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Оның ішінде су тасқыны салдарымен күресуге осыған дейін 1,5 миллиард теңге жіберген.

Тимур Құлыбаевтың жеке капиталы – $4,9 миллиард USD (2024 ж.)

0
0
644

Осы тақырып бойынша

Еліміздің миллиардерлері Президенттің сөзіне құлақ асты - Yvision.kz