Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Астанада мектеп оқушыларына қауіп төнді ме?

Мессенджерлерде, соның ішінде Теlegram-да Астанадағы мектеп оқушыларын және олардың ұстаздары мен ата-аналарын шошытатын жазба тарады.

undefined

Жазбада "19 сәуірде ол мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын" делінген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары қаладағы білім ошақтарын тексерді. Сөйтіп, Астана Полиция департаментінің өкілдері мектептерге лаңкестік қаупі төніп тұр деген хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын естеріңізге саламыз", — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
#Satzhangram

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Теlegram-да Ақтөбеге де қатысты тура осы тектес жалған ақпарат тараған болатын.

0
0
330

Осы тақырып бойынша

Астанада мектеп оқушыларына қауіп төнді ме? - Yvision.kz