Мазмұнға өту

Жаңа

ШҚО-да жігіттер есіксіз көлікпен көшеде зуылдап жүрген (видео)

Зайсан қаласының тұрғындары есіктері жоқ көлікпен жүрген үшін жауапқа тартылды.


ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигінде түсіп, кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған. Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған.
20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

0
0
377

Елімізде су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасыға мемлекет қолдау көрсетті

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізуде.Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен. 5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың 18 сәуіріндегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2602 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1499-ына баға…

0
0
226

Үш елдің компаниялары полиэтилен зауытын салу жобасын пысықтады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, ресейлік «СИБУР» және қытайлық Sinopec Атырау облысында полиэтилен зауытын салу жобасын талқылады.

undefinedФОТО : Shutterstock/FOTODOM 

Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығаруы керек.

«Күш біріктіру арқылы Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобасын жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін», - деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Кәсіпорын Қарабатандағы Арнайы экономикалық аймақтың аумағында, Теңіз кен орнының жанында салынады. Құрылысын осы жылдың екінші жартысында бастау жоспарланған. Жоба құны – 7,7 млрд доллар.

Үш елдің «Силлено» (полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаның операторы) компаниясындағы үлестері мынадай болмақ: «ҚазМұнайГаз» – 40%, Sinopec – 30%, «СИБУР» – 30%.

0
0
292

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Якут халқына деген құрметіміз ерекше"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха (Якутия) Республикасының сан қырлы байланыстары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі. "Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жосп…

0
0
576

Алаяқтар халықтың қасіретінен ақша жасай бастады

Whatsapp-тағы тасқынға байланысты көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат – фейк.
undefined

Фото: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді.
Себебі алты чаттан 3 күнде 50 шақты фейк хабарлама анықталған. Полиция қызметкерлері бұл хаттардың алаяқтардың қитұрқы әрекеті екенін анықтаған бойда авторлардың телефон нөмірін бұғаттап, хаттардың көзін жойған.
Тәртіп сақшылары күдік тудырған хат бойынша Whatsapp-қа +7-747-429-02-03 нөміріне хабарлауды сұрайды.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
354

Мемлекетке 24 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

undefined

Фото: Bizmedia.kz

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

0
0
340

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттердегі елшілерді тағайындады

Мемлекетбасшысының жарлықтарымен:Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Ө…

0
0
276

Кәмелет жасына толған 1992 ұл-қыз Ұлттық қордан үлесін алды

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асырудың 2 айы ішінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 199 323,1 АҚШ долларына 1 992 өтінішті орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 78 798,04 АҚШ долларына 788 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 120 525,06 АҚШ долларына 1 204 өтініш орындалды.Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы екенін ескерген жөн. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында сақталады.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтарға БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорыны…

0
0
311

Топан судан зардап шеккендерге біржолғы өтемақы апта соңына дейін төленіп бітеді

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады. Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер ол зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жат…

0
0
292