Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде ресейлік теннисшіні жеңді
Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) теннистен WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. 
Жарыстың екінші айналымында Елена ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисші ширек финалда Онс Жабер (Тунис) мен Ясмина Паолини (Италия) арасындағы ойында жеңген спортшымен кездеседі.
https://t.me/RRaketkasi
