Мазмұнға өту

Жаңа

Бишімбаев Нүкеновадан біреумен жаттым деп айтуды талап етіп, оны видеоға түсірген

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта оның ұялы телефоны тексерілді.Коллаж: Qaz365.kzСудьяның айтуынша, айыпталушының телефонындағы бір бейнежазбада Салтанаттың үстінде плащтан басқа киім жоқ екені байқалады.Бишімбаев оны осылай видеоға түсіріп, «Мен Райымбек Батталовпен жаттым» деп айтуды талап етеді. Нүкенова солай деп айтады.Сотталушы басында бұл оның даусын қосып монтаждалған дүние екенін алға тартты. «Бұны біреулер маған қысастықпен әдейі істеген» деді.Бірақ видеоны көргеннен кейін бәрі есіне түсе қалыпты. Сөйтіп, оны өзі түсіргенін мойындады. Осылайша ол өзін қорлауға қорлаумен жауап берген көрінеді. О баста әйелі хәл үстінде жатқан кезде Бишімбаевтың алаңсыз тамақ ішіп отырғаны туралы айтылған еді. Осыған қатысты ол бүгін былай деді:«Салтанаттың өлім аузында жатпағанын көрген соң…

0
0
388

Степногорда жүздеген литр май мен бірнеше автокөлік өртенді (видео)

Ақмола облысының Степногор қаласындағы Заводская кентінде автокөлік және автокөлік заттарының қоймасы өртенді.

undefined

Болжам бойынша, қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.

https://t.me/qr_tjm

0
0
440

Қостанайда алапат өрт болды

Бүгін түс кезінде Қостанайда құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді.

undefined

Қызыл жалын 1100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Түстен кейін өрттің оқшауланғаны хабарланды. Сағат 16:31-де ол толығымен сөндірілді.

0
0
493

Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының түсіп жатқанын айтты

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды.Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті. Сәуірде екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2% болды. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты. Онда тасымалдаушылар  етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендеге…

0
0
299

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмапты

Бүгін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың кезекті отырысы өтіп жатыр. Онда сотталушы телефонының құпия сөзіне қатысты жыр әлі жалғасуда.Коллаж: golos-naroda.kzБишімбаевтың адвокаттары оның телефонын сот залында тексеру міндетті емес деген пікірін айтты. Бірақ жәбірленуші тараптың қорғаушылары мен прокурор бұған қарсылық білдірді. Олар бұған дейін Салтанат Нүкенованың телефоны жіті қаралғанын алға тартты.Осыдан кейін Бишімбаевтың қорғаушысы оның смартфонына құпия сөзді өзіміз енгізуге рұқсат берілсін деген өтінішін жеткізді. Өйткені басты айыпталушының телефонында оның қасақана қатігездікпен адам өлтіргенін теріске шығаратын дәлелдер бар көрінеді. «Сотқа құпия сөзді айтсақ, ондағы хабарламалар бұрмаланып түзетіліп кете ме деп қорқамыз. Осыған б…

0
0
454

Аягөз өңірінде сенбілікке 6 мың адам қатысты

Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адамның қатысуымен сенбілік өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны мәлім. Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартып жатыр. Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды. Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбутәліпованың айтуынша, «Жасыл аймақ» апталығы ағаш егуге арналды. Соның аясында аудан орталығында 500 түп көшет отырғызылған."Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда, тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Мысалы, бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей бере…

0
0
286

Айтылған сайын, заң қатайған сайын зорлықшы көбейіп бара жатқандай (видео)

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып жатқанын көрсететін кезекті бейнежазба тарады.

undefinedАқтаудағы көпқабатты үйдің подъезінде болған бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Онда ер адам әйелді подъезге аузын жауып, жұлқылап алып кіреді. Бұның бәрі екі кішкентай баланың көз алдында болады. Бір сәтте еркек көршілерді көріп, әрекетін тоқтата қояды.

Сосын жеделсатыда ұрып-соғу қайтадан басталып, одан шыққанға дейін жалғасқан. Осы кезде әйелдің, балалардың шыңғырған дауыстары естіледі.

Ақырында келіншек жігітті қуып жіберді.

Маңғыстау облысының Полиция департаментіндегілер зорлықшыны іздестіріп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, өткен аптаның басында Президенттің әйел мен балаға зорлық-зомбылық жасалғаны үшін жазаны қатайтатын заңдарға қол қойғанын жазғанбыз.

0
0
330

Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған

Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстың 200-ден астам кәсіпкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды.Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуынсыз ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша (мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін ұсынбау) 45 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.Ал, ӘҚБтК-ке сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның қатысуымен қаралады.Тағы бір мысал, Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 178 кәсіпкер Кодекстің 92-1-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) тарту мерзімі аяқталғаннан кейін заңсыз әкімш…

0
0
293

Орал қаласында Жайық суының деңгейі 862 см болды. Қауіпті мөлшер - 850 см

Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр.
undefined
Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар.
Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62 сантиметр болды. Қауіпті деңгей - 850 сантиметр.

Нөпір су алдымен Орынбормен шекаралас Бәйтерек ауданындағы Январцев ауылына жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 сантиметрге көтеріліп жатыр.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
323