Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының түсіп жатқанын айтты

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды.

undefined

Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті. Сәуірде екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2% болды. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты. Онда тасымалдаушылар  етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.

«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген», — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

0
0
258

Осы тақырып бойынша

Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар... - Yvision.kz