Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмапты

Бүгін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың кезекті отырысы өтіп жатыр. Онда сотталушы телефонының құпия сөзіне қатысты жыр әлі жалғасуда.

undefined

Коллаж: golos-naroda.kz

Бишімбаевтың адвокаттары оның телефонын сот залында тексеру міндетті емес деген пікірін айтты. Бірақ жәбірленуші тараптың қорғаушылары мен прокурор бұған қарсылық білдірді. Олар бұған дейін Салтанат Нүкенованың телефоны жіті қаралғанын алға тартты.

Осыдан кейін Бишімбаевтың қорғаушысы оның смартфонына құпия сөзді өзіміз енгізуге рұқсат берілсін деген өтінішін жеткізді. Өйткені басты айыпталушының телефонында оның қасақана қатігездікпен адам өлтіргенін теріске шығаратын дәлелдер бар көрінеді.

«Сотқа құпия сөзді айтсақ, ондағы хабарламалар бұрмаланып түзетіліп кете ме деп қорқамыз. Осыған байланысты сізден Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін өзіміз енгізуді сұраймыз. Біз материалдарды тексеріп болғаннан кейін құпия сөзді сот тарапына бере аламыз», - деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

Жәбірленуші тарап бұған да қарсылық білдірді. Адвокат Жанна Оразбақова олар телефонды алдымен өздері қараса, ондағы мәліметтерді өшіріп тастауы мүмкін екенін айтты. Прокурор Айжан Аймағанова да айыпталушы адвокаттарының мұнысы дүрыс еместігін алға тартты.

«Меніңше, олардыкі дұрыс емес. Нүкенова мен Байжановтікі сияқты Бишімбаевтың да ұялы телефоны түгел тексерілуі тиіс», – деді Аймағанова

Ал судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың телефоны сотқа дейінгі тергеу кезінде де тексерілмегенін жеткізді. Өйткені Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны аша алмаған.

«Телефонда алты таңбалы құпия сөз бар екені анықталды. Қолда бар техникалық құралдармен сол құпия сөзді айналып өту мүмкін болмады», – деді судья.

0
0
414

Осы тақырып бойынша