Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Айтылған сайын, заң қатайған сайын зорлықшы көбейіп бара жатқандай (видео)

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып жатқанын көрсететін кезекті бейнежазба тарады.

undefinedАқтаудағы көпқабатты үйдің подъезінде болған бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Онда ер адам әйелді подъезге аузын жауып, жұлқылап алып кіреді. Бұның бәрі екі кішкентай баланың көз алдында болады. Бір сәтте еркек көршілерді көріп, әрекетін тоқтата қояды.

Сосын жеделсатыда ұрып-соғу қайтадан басталып, одан шыққанға дейін жалғасқан. Осы кезде әйелдің, балалардың шыңғырған дауыстары естіледі.

Ақырында келіншек жігітті қуып жіберді.

Маңғыстау облысының Полиция департаментіндегілер зорлықшыны іздестіріп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, өткен аптаның басында Президенттің әйел мен балаға зорлық-зомбылық жасалғаны үшін жазаны қатайтатын заңдарға қол қойғанын жазғанбыз.

0
0
289

Осы тақырып бойынша

Айтылған сайын, заң қатайған сайын зорлықшы көбейіп... - Yvision.kz