Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да құтқарушылар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеді

Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Әуеде тікұшақ жұмыс істеді. Адамдармен қатар ит-мысықтар да құтқарылды.Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықпен адам құтқарды.Қарағанды облысының күштері мен құралдары БҚО учаскесінде Вишенька саяжайында, Меловые горки, және Мясокомбинат саяжайларындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.Орал қаласының Самал ықшамауданында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық тобы бөгетті нығайту мақсатында қаптарды жағалау қоршауын инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жұмыстары жалғастырылды. Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары…

0
0
363

Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

undefined

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші және жалпы мансап жолындағы сегізінші турнирде жеңіске жетті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche автокөлігі тарту етілді.

Біз бұрынырақ мамандардың Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыста қазақстандық теннисші жеңеді деп болжап отырғанын жазғанбыз.

0
0
473

Былтыр 6,5 жылға сотталған қазақ актері жақында бостандыққа шыға ма?

Белгілі актер Асқар Жұмабектің әлеуметтік желідегі парақшасында "Қараңғы бөлмеге түскен күн сәулесі үміт бергендей" деп жазылды. Желі қолданушылары бұл жазбаны жақсылыққа балап, актер жақында түрмеден босатылуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған пікір білдірушілердің барлығы Асқар Жұмабекке осындай тілектерін жазған. Актер мен тағы 6 жігіттің сотталуына 2022 жылы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil мейрамханасында болған оқиға себеп еді. Онда бір топ жігіт төбелесіп қалған. Abai.kz-ның жазуынша, төбелескендердің арасында олигарх Бахаридин Аблазимовтың ұлы Нұрмұхамет Нұғман, Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз болған.Мейрамханада Жармұхамед Аппаз бен диджейдің арасында жанжал шығып, Ыдырысовтың ұлы досы Альберт Крушельницкиймен бірге диджейді дәлізге алып шығып ұрып тастайды.…

0
0
1404

Қазір еліміздегі эвакуациялау пункттерінде 8,8 мыңнан астам адам бар

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (21.04.2024 ж.)

undefined

Эвакуациялау пункттерінде 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала бар. 22 734 адам үйлеріне оралды.

11,2 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 4,6 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 114 қоңырау түсті.

0
0
341

Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім жеңетініне болжам жасалды

Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді.

undefined

«Букмекерлік кеңсенің бұл матчқа коэффиценті мынадай: Рыбакинаның жеңісі – 1.33, Костюктің жеңісі – 3.38. Осылайша, қазақстандық теннисші бұл сайыстың айқын фавориті саналып отыр», – деп жазады Sports.kz.

Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Ал кеше Елена әлемнің 1-ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есбімен ұтқан болатын.   

0
0
463

Елде жел күшейеді

Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр.
undefined
Фото: kk.wikipedia.org

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болуы мүмкін.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады», - деді Алина Смағұлова.

0
0
440

Алматы облысында есірткі зертханасы әшкере болды

Осы жылы 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

undefined

Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
324

Елімізде су тасқынынан кейін 8,8 мыңнан астам отбасы мемлекеттен біржолғы төлем алды  

Қазақстанда жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеу процесі жалғасып жатыр.  Үкімет бұл жұмыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде.   Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 16 862 өтініш келіп түскен. Ағымдағы жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша 8 814 отбасы жалпы сомасы шамамен 3,2 млрд теңге болатын 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлем алды. 2 мыңнан астам отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 1 млрд теңгеге жуық өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 89 млн теңгеге жетті.   Қазіргі таңда зардап шеккен өңірлерд…

0
0
319