Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбеде үлескерлер 2,5 млрд теңгесінен айырылып, сан соғып қалған

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А. Ақтөбе қаласының 12-ші және Алтын Орда ықшамаудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынш…

0
0
468

Елімізде 1 мамырдан бастап қандай жаңа жол белгілері болады?

Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.Негізгі жаңа белгілер:1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.2. Жаңа жол белгілерін енгізу:- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;-«Диагональды жаяу жүргіншілер…

0
0
568

Атырау облысында от қойылған пәтерден балалардың өлі денелері табылды

Пәтердегі өрттен екі бала қаза тапты. Полиция күдіктіні қамауға алды.AtyrauPress-тің Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлауынша, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтер толықтай жанып кеткен.Пәтердің жатын бөлмесінен 7 және 10 жастағы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ , олардың 28 жастағы анасы мен 30 жастағы ер адам  ес-түссіз күйде табылып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Және де жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірл…

0
0
310

Шымкентте бірнеше жалған полицей ұсталды

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Яғни “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап етіпті. Ұсталғандардың бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шыққан. "Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі ат…

0
0
465

Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас."Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға,…

0
0
306

Алматыда көлік жүргізушісінің қарсы жолмен кетіп бара жатқан видеосы тарады

Ол қос тұтас жолақты кесіп, қарсы жолмен бірталай жерді жүріп өтеді. Қасындағы жолаушының сөзіне қарағанда, көлік Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойында келе жатқан.

Ал алдында 92-автобус тұрғанына қарағанда, ереже бұзған көлік жүргізушісі Абай даңғылының қиылысына келіп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтайды.

"Құрметті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Әбілекұлы, мына шектен шыққан адамға қатал шара қолданыңызшы. Біздің дереккөзіміздің хабарлауынша, оның Алматы қаласы Полиция департаментінде жақсы тамыр-таныстары бар көрінеді. Ноу-хау камералардың белгілі бір адамдарға келгенде істемей қалатынының тағы бір дәлелі.

Біреуді автокөлікпен қағып кетсе де камераларға түспейтін шығар", - деп жазады @egovpress.

0
0
318

Көлік жүргізушісінің айыппұл және басқа қарыздарынан 90 млн теңге жиналып қалған

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады.

undefined

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау” бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.

Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады. Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.

Polisia.kz

0
0
255

Алматыдағы барда арнайы операция жүргізілді

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚКБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

undefined

Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Алматы қаласының прокуратурасы

0
0
328

"Біз ешқайда кетпейміз". TikTok басшылығы желіге тыйым салғалы жатқан АҚШ билігімен соттасатын болды

АҚШ Сенаты қоғамда қызу талқыланған TikTok туралы шулы заңды қабылдап, оған Президент Джо Байден қол қойды. 24KZ телеарнасыңы хабарлауынша, аталған құжатқа сай желі иесі қытайлық ByteDance компаниясы 9 ай ішінде қосымшаның америкалық үлесін сатуы тиіс. Олай жасамаған жағдайда желіге тыйым салынады.  АҚШ Конгрессінің TikTok-қа қатысты заңды қабылдауына танымал желінің Қытай билігімен байланысы ықпал еткен. Заң шығарушылар да, қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар да Қытай үкіметі қосымша арқылы америкалықтардың құпия деректеріне қол жеткізіп, үгіт-насихат жүргізуі мүмкін деп қауіптенеді. Ал TikTok басшысы Шоу Зи Чу ресми Вашингтонның бұл шешімімен келіспейтіні туралы бейнеролик жариялады. "Бұл заң 170 миллион америкалықты TikTok-тан айырады. Ол қосымшаға ғана емес, сіздің дауысыңызға да ты…

0
0
300