Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде 1 мамырдан бастап қандай жаңа жол белгілері болады?

Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.

undefined

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.


Негізгі жаңа белгілер:

1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.

undefined


2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;

undefined


-«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;  

undefined


- «Параллель жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

undefined


- «Параллель жүріс бөлігінің соңы».

undefined

Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өту керек.

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсеткен.

0
0
520

Осы тақырып бойынша