Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Атырау облысында от қойылған пәтерден балалардың өлі денелері табылды

Пәтердегі өрттен екі бала қаза тапты. Полиция күдіктіні қамауға алды.

undefined

AtyrauPress-тің Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлауынша, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтер толықтай жанып кеткен.

Пәтердің жатын бөлмесінен 7 және 10 жастағы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ , олардың 28 жастағы анасы мен 30 жастағы ер адам  ес-түссіз күйде табылып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. 

Аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Және де жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірленушінің танысы бейнекамералар арқылы анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті тез арада ізін суытпай Орал қаласына бағыт алған жерінен ұсталды. Сөйтіп, ол уақытша ұстау қапасына қамалды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты бөгде адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе одан да көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен, басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен, төтенше жағдай кезінде жасалған және жасөспірімдерді өлтіруге жаза қарастыратын баптар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан өмір бойына жазасы көзделген.

0
0
267

Осы тақырып бойынша