Қазақстан ШЫҰ мемлекеттері үшін сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды
Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалық етуі шеңберінде қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, Бас хатшы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі қатысты.Дәстүрлі достық пен сындарлы үнқатысу түрінде өткен кеңесте халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланып, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қадамдары айқындалды.Кеңесте ШЫҰ-ның әскери-саяси блок еместігі, ал әскери саладағы өзара іс-қимыл басқа елдерге қарсы бағытталмағаны атап өтілді.Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-ж…


