Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Көлік жүргізушісінің айыппұл және басқа қарыздарынан 90 млн теңге жиналып қалған

Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады.

undefined

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау” бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.

Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады. Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.

Polisia.kz

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Көлік жүргізушісінің айыппұл және басқа қарыздарынан... - Yvision.kz