Абай облысында орман өртенді
Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман отқа оранды.

Фото: @qazaqstantv
Бұл аймақ батпақты жерде орналасқан. Сондықтан оған жету қиын.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрт аумағы нақтыланып жатыр.
Сағат 15-04-те, алдын ала болжам бойынша, 0,22 га аумақтағы өрт оқшауланған.

