Yvision.kz
ru
Қылмыс пен жаза
75 жазбалар2 тіркелуші
0
12:28, 26 сәуір 2024

Үш адамның өліміне себепкер болған автобус жолаушысына қатысты сот үкімі шықты

Алматыда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі № 47-бағыттағы автобустың жолаушысы Дархан Ахметжановқа қатысты сот үкімі шықты.

undefined

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабының 3-бөлігі және 293-бабының 1-бөлігі бойынша Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ, Ахметжанов марқұм Айдос Құсайыновтың әйелі Айнұр Құсайыноваға 6 393 250 теңге материалдық өтемақы, 5 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 250 мың теңге, ал әке-шешесінен айырылған Ерасыл Байдуәлиевке 10 млн теңге моральдық өтемақы, адвокаттың қызметі үшін 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.

undefined

Жантүршігерлік оқиға өткен жылы желтоқсан айында болған еді. Алматыдағы № 47 бағыттағы автобуста Дархан Ахметжанов жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Соның салдарынан әйел есінен танып, көлікті тізгіндей алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өтеді. Жол апатынан 3 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті. Көз жұмғандардың екеуі ерлі-зайыпты мұғалімдер еді.

0
295
0