Жаңа
Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысы түстен кейінге қалдырылды
Бұған айыпталушылардың сот залына уақытында жеткізілмеуі себеп.

Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысты жасырды, хабарламады деп айыпталған туысқан інісі Бақытжан Байжановқа қатысты кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталуы керек еді. Бірақ судья отырысты бастайын деп жатқан кезде айыпталушылардың сот залына әлі жеткізілмегені белгілі болды. Осыдан соң ол сот отырысын түстен кейінгі уақытқа қалдыруды жөн көрді.
"Басты сот отырысын айыпталушыларсыз өткізуге болмайды. Оларды жеткізетін күзетшілерге қатысты бір түйткіл туындапты. Енді сағат 11-де алып шығады. Одан келемін дегенше 12 болады. Сондықтан сот отырысын сағат 14:30-да бір-ақ бастаған дұрыс", - деді судья Айжан Құлбаева.
Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды
Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды.Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған. "Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – дейді Әлекешев. Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылған. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысыпты. Мұнда 9 адам ұстал…
Шымкентте «Өткенге құрмет – бүгінгі міндет» атты тазалық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңертеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда.Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары қызу жүргізілуде. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылса, 130 тонна күл-қоқыс шығарылды.Бұл жұмыстарға қаланың 9500-ден аса тұрғыны мен 112 техника жұмылдырылды.Акция аясында белсенді тұрғындардың бастамасымен «Өткенге құрмет…
Президент сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астанада ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды.Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті.Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті."Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқ…
Қазақстандық келіншектің шабаданға салынған денесі Дубайдың шөл даласынан табылған
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Диана (Яна) Бейсембаеваны асқан қатігездікпен өлтіру ісі бойынша жабық сот отырысы өтіп жатыр.Фото: Experience.tripster.ru CMN.kz тілшісінің хабарлауынша, келіншектің чемоданға бөлшектеп салынған денесі Біріккен Араб Әмірліктерінің шөл даласынан табылған.Сотталушы – 38 жастағы Қазақстан азаматы, марқұм Бейсембаеваның бұрынғы жігіті. Оған ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлау) бойынша екі бірдей айып тағылған.Сот жабық түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы кейбір детальдарды ашып айтуға тыйым салынған.Бір айта кетерлігі, бұл қылмыс 5 жыл бұрын, яғни 2019 жылдың сәуір айында жасалыпты. Бірақ сот тергеуі енді басталд…
Елімізге сырттан жұмыртқа әкелуге тыйым салынды
АШМ-ның арнайы бұйрығы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.Фото: Ресей Хабар өлкесі үкіметінің баспасөз қызметі«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық…
КСРО ыдырап жатқан жылы Қырғызстанда қылмыс жасаған адам Павлодарда енді ұсталды
30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды.
Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаровтың хабарлауынша, өңірдің жедел уәкілдері жалпы іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтаған.
"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды", – дейді Балғабай Қапаров.
33 жыл бойы ұстатпай келген күдікті жасаған қылмыстың басқа мән-жайы айтылмай отыр.
Polisia.kz
Алматыда футбол жанкүйерлері жазаланды
Алматыда футбол жанкүйерлері балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Фото: meta-ratings.kzІшкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша, құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қолданылған."Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеуі керек.Құрметті азаматтар! ІІМ елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастырады. Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапке…
Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Ақтаудың 17-ықшамауданында тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден төрт жасар бала құлап кетті.Фото: 76.ruБүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама белгіленген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Ал Ақтаудың Полиция басқармасындағылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ата-аналарға талай мәрте ескертумен келеді. «Әдетте осындай оқиға боларда балалар өз бетінше түрлі жиһаздарды тірек ретінде пайдаланып, терезеге шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді. Сонымен қатар мұндай жағдайдың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде бұғаттағыштың жоқтығынан, жиһазды…