Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Ақтаудың 17-ықшамауданында тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден төрт жасар бала құлап кетті.
Фото: 76.ru
Бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.
Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама белгіленген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал Ақтаудың Полиция басқармасындағылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ата-аналарға талай мәрте ескертумен келеді.
«Әдетте осындай оқиға боларда балалар өз бетінше түрлі жиһаздарды тірек ретінде пайдаланып, терезеге шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді. Сонымен қатар мұндай жағдайдың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде бұғаттағыштың жоқтығынан, жиһазды терезенің жанына қойғаннан болады», – ПБ өкілдері.
inaktau.kz
