Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда футбол жанкүйерлері жазаланды

Алматыда футбол жанкүйерлері балағат сөздер айтып, қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

undefined

Фото: meta-ratings.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша, құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық, спорттық іс-шараларда өзін ұстау ережелерін бұзғаны, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік шара қолданылған.
"Мұндай әрекеттер футбол жанкүйерлерінің атына ғана емес, бүкіл елдің абыройына нұқсан келтіреді. Өз командаларыңызға қолдау көрсету дұрыс, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс. Қарсыластар мен басқа азаматтарды балағаттап қорлауға жол берілмеуі керек.
Құрметті азаматтар! ІІМ елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастырады. Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелетін кез келген әрекет үшін жауапкершілік көзделеді, - деді Шыңғыс Әлекешев.

0
0
358

Осы тақырып бойынша

Алматыда футбол жанкүйерлері жазаланды - Yvision.kz