Әскерге кетіп бара жатқандар Петропавл станциясында пойыздан түсіп, қашып кеткен
Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Петропавлда екі жігіт жоғалып кетті. Олар Қарағанды облысындағы әскери бөлімшеге кетіп бара жатқан пойыздан станцияда түсіп қалып, қашып кеткен. Жігіттердің суреттері бүкіл өңірге жіберілді.
Бұл жағдай 27 сәуірде болыпты. Бір күннен кейін қашқындарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Олар енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
