Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Ташкентте көркем гимнастикадан Азия біріншілігі басталады

Құрлық додасында Қазақстаннан жалпы есебі 8 спортшы бақ сынайды.
undefined
Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан сынға түседі.
Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық квота ойнатылады.
Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.

https://t.me/olympickz

0
0
396

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тағы бір іс сотқа жолданды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады.Фотоколлаж Azattyq RýhyАталған агенттік өкілдерінің хабарлауынша, процеске қатысушылар да қылмыстық іс материалдарымен танысып болған."Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор хабарламасында.Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды былтыр екі рет сотталған еді. Ол 2023 жылы ма…

0
0
301

10 жыл бұрын кәсіпкерді өлтіргені үшін сотталған Тоғаевтың кассациялық шағымы қаралды

Осыдан он жыл бұрын батысқазақстандық белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Азамат Тоғаевтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қарады.Фото: t.me/Jogargy_sot Тоғаев осы жылдың ақпан айында өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, өзінің іс-әрекеттерін саралаудың дұрыстығына, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.Оны қараған Жоғарғы Соттың сот алқасы бұрынғы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, яғни жазасын өтеушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.1Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігін, әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануын құрайтын бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын және соңғысының аса белсенді қылмысты рөлін ескере отырып, заң…

0
0
306

Ақмола облысында ер адам ыс тиіп қайтыс болды

Бұл қайғылы жағдайға пештегі ақау себеп болған.

undefined

"Осы түні Ақмола облысында Жаңақима ауылдық округінде жеке тұрғын үйлерінің бірінде жылыту пешінің ақаулығынан 50 жастағы ер адамның өлімі орын алды. Оқиға орнынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша: көміртегі тотығымен уланған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде", - деп жазған https://t.me/qr_tjm.

0
0
360

Елена Юлияны жеңді

Бүгін Мадридтегі (Испания) WTA1000 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші қыздар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-бірімен ойнады.
undefined

Фото: © Clive Brunskill / Staf / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Бұл қазақстандық дерби 4:6, 6:7 (4), 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Үшінші шешуші сетте Юлия 5:2 есебімен алда болып еншісінде екі матчбол болған.

Осылайша, Елена Рыбакина аталған турнирдің жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, кеше Рыбакина мен Путинцева матчында кім жеңетініне қатысты сарапшылар болжамы туралы жазғанбыз.

0
0
504

Мемлекет басшысының Әзербайжан-Армения келіссөзіне қатысты мәлімдемесі жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесіҚазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын.Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді.Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді.t.me/aq…

0
0
450

Қызылордада УЕФА талаптарына сай келетін жаңа стадионның іргетасы қаланды

Халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа стадион Қызылорда қаласының сол жағалауына салынбақ. Оның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты."Мереке күні өздеріңізбен бірге халықаралық талаптарға сай келетін, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасын қалаймыз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде заманауи екі стадион, яғни «Астана арена» мен «Түркістан арена» ғана салынған. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салынғанына 60 жылға жуықтады. Стадион УЕФА талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан, біздің сүйікті командамыз «Қайсардың» жанкүйерлерінің ұсынысымен жаңа стадион салуға шешім қабылдадық", деді Нәлібаев.BEK Sport телеграм-арнасының хабарлауынша, жаңа нысанның құрылысына 21 млрд теңге бөлінген. "Ал, Сыр елі, құтты болсын! Құрылыс тоқтап қалмай, тез…

0
0
447

Еліміздегі әуежайларда бүгіннен бастап қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізіліп жатыр.Фото: Азаматтық авиация комитетіЖолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі.Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтудің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты.Алдын алу іс-шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі.Осыған байланысты жо…

0
0
423

Қытайда автомагистраль опырылып, 19 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында сұмдық жол апаты болды. Көліктер қатты жылдамдықпен жүретін үлкен автомагистраль опырылып түскен.

undefined

Соның салдарынан 18 автокөлік аударылып қалды. 19 адам қаза тауып, 30 адам зардап шеккен.

Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Опырылған жердің аумағы - 184 шаршы метр.

0
0
422