ru
Дөңгеленген дүние
55 жазбалар3 тіркелуші
0

Грузияда «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына жаппай наразылық болып жатыр

Тбилисиде Грузия парламентінің алдында «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына наразылық шарасы өтті. Ал полиция мен арнайы жасақ митингке жиналғандарды ол жерден қууға кірісті.

undefined

Фото: REUTERS

Депутаттар «Шет ел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын кеше екінші оқылымда талқылай бастаған еді. Бірақ талқылауды аяқтай алмай, құжатты бүгін тағы қарайтын болды.

Елдің Ішкі істер министрлігі наразылық шарасына қатысушыларды ғимарат алдын босатуға шақырған. Содан кейін полиция оларды қуып, ұстауды бастады. Наразы топқа бұрышталған газ шашты.