Президент АХҚО басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады.Ренат Бектұров Президентті АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелерін баяндап, орталықты дамыту жоспарымен таныстырды: – Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асқан;өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш: – былтыр және осы жылдың алғашқы үш а…


