Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде «әйелдер вагонына» деген сұраныс артып жатыр

Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.

undefinedФото: railways.kz 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023 жылдың осы мерзімінде «әйелдер вагонының» қызметіне 34 мыңнан астам жолаушы жүгінген. 
Қазір «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызының құрамында бар:
-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.
Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар «әйелдер вагонында» 7 жасқа дейінгі ұлдардың жүруіне рұқсат етілген.

Айта кетейік, пойыздардағы мұндай қызметті 2021 жылдың басында енгізілген. Содан бері оны 359 мыңнан астам жолаушы пайдаланыпты.

0
0
460

Осы тақырып бойынша