Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Игорь Вранчев Ерлан Ғазымжановтың адвокаты болған ба?

undefined

Вранчевтің бұрын Ғазымжановты қорғағанын білесіздер ме?

 

Қызық-ә, бірнеше жыл бұрын Бишімбаевтың қорғаушысы адвокаттық лицензиясынан айырылайын деп жатқанда, оған дәл Нүкеновтер отбасының адвокаты қорғаушы болған.

Толығырақ айтсақ, Ғазымжанов 2019 жылы сотта аялаяқтық үшін айыпталған Ерлан Алшынбаевты қорғайды. Ал Алшынбаев ақырында 6 жылға сотталып кетеді.

Сол кезде Ғазымжанов фейсбуктегі парақшасына судьяның прокурорға дауыс көтере сөйлеген видеосын жариялап жіберген. Бұдан кейін оның үстінен шағым беріледі. Осының кесірінен лицензиясынан айырылуы мүмкін еді. Сонда Вранчев оның адвокаты болған.

Ақыры 2020 жылы Ғазымжанов екеуі сотта жеңіп, оны лицензиясынан айырмау туралы шешім шығарылады. Енді олар қарама-қарсы екі тараптың жағында отыр.


Сырым Итқұловтың жазбасы (орысшадан аударылған)

1
0
533

Осы тақырып бойынша