Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейіне көне жапон тапаншасы табысталды

Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музей қоры ерекше жәдігермен толықты.

undefined

Жапонның Намбу тапаншасы Жаңаарқа ауданында үй ауласынан ұра қазу барысында табылды. Газетке оралған қару жер қойнында 100 жыл көмулі жатқан.

14 типті Намбу тапаншасын 1925 жылы Кидзиро Намбу жасап шығарған. Оны император әскерінің офицерлері 1937 жылы Қытайға қарсы соғыста, сондай-ақ 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысы кезінде қолданған.

Құнды экспонатты музейге Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Бауыржан Қалыбеков табыстады.

Polisia.kz

0
0
455

Осы тақырып бойынша