Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.
Аида Балаева:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндады;
ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;
ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді.
Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
