Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Әйелін ұрып-соқты деп айыпталған дипломат қызметінен босатылды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың қазіргі жағдайынан хабардар етті. Оның әйелі Карина күйеуінен жиі таяқ жейтінін айтып шағымданған еді.

undefined

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров дипломаттың сол әңгіме шыққанан кейін шұғыл түрде Қазақстанға шақырып алынғанын, министрлік бұл істі ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Мамаш Қазақстанға 6 мамырда ұшып шықты. 9 мамырда, шекараны кесіп өткеннен кейін ол заңға сәйкес қызметінен босатылды», – деді Смадияров.

Бұған дейін Сәкен Мамаштың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.


t.me/CentralMediaNews

0
0
321

Осы тақырып бойынша