Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
Фото: gov.kz
1992 жылдың осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері - ту мен елтаңба бекітілді. Сол жылдың 11 желтоқсанында әнұранымыз қабылданып, ол 2006 жылы өзгерді.
Ал 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген.
